№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Ораз Жұмашев |
Қатпар, қатпар ғасырлар-ай зіл батпан,
Қарт тарихтың көкірегін сыздатқан.
Қас қағымға ашасың ба арнаңды,
Қара шерден ағындасын жыр-дастан.
Аз болмады қазағымның наласы,
Шертсін сырын әулиесі, данасы.
Орбұлақтың қылыш, найза шайқасын,
Өзі айтсыншы анау шыңым Лабасы.
Қайырмасы:
Сөз бастаған шешендер,
Қол бастаған көсемдер.
Қарайықшы бағалап,
Қалқан болсын десеңдер
Ескелді мен Балпықтай,
Асан қайғы, Қорқыттай,
Жапырақ жайсын ұлағат
Атадан қалған сарқыттай.
Тыңдайықшы Қабан жырау дабылын,
Тізілдірген жырдың маржан лағылын.
Тасып жатыр Қараталда ағын боп,
Ескелді мен Балпық биден тағылым.
Сол тағылым, сол ағындар, сол жасын,
Сол даналар мәңгі ұмыт болмасын.
Сүйінбай мен Бақтыбай боп жалғасқан,
Бабалардың аруақтары қолдасын.
Қайырмасы