№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Нүкеш Бәдіғұлов |
Жарасқан қос аққудай айдынына
Мәз болған бақытына – байлығына.
Иесі жаңа отаудың жас жұбайлар
Армансыз бөленіңдер, армансыз бөленіңдер ай нұрына.
Қайырмасы:
Жұлдызы жанған жұбайлар,
Махаббат оты маздасын!
Мерейін сыйлап жыл-айлар,
Жұбыңды тағдыр, жұбыңды тағдыр жазбасын!
Аймалап шуақты жаз көңіл көгін,
Жақұттың жарқылындай төгілгей күн.
Тербеліп ізгі үміттің әуенімен,
Басталсын қызығы мол, басталсын қызығы мол өмірлерің!
Қайырмасы
Көргенше тағат таппай сағынысқан,
Ынтығы қанат болып алып ұшқан.
Шіркін-ай, жұбайларда арман бар ма?
Аялап бірін-бірі, аялап бірін-бірі жаны ұғысқан.
Қайырмасы