MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Жеңеше
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Несіпбек Айтов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Кездерімде сәл жүдеген,

Бір өзіңді аңсадым

Шаршап келсем елжіреген

Жүрегіңді аңсадым.

Балғын жүзің

Бал қымызың

Сағындырды жеңеше-ау.

Жан жеңешем

Сән жеңешем

Ән жеңешем сағындым.

 

Еркелетіп еркем деген,

Наз үніңді аңсадым.

Көңілімді көркемдеген

Әзіліңді аңсадым.

Ерке сылқым

Күміс күлкің

Сағындырды жеңеше-ау.

Жан жеңешем

Сән жеңешем

Ән жеңешем сағындым.

 

Сыйға тартқан орамалдай

Дала гүлін жеңеше-ау

Сені көрсем оралардай

Балалығым жеңеше-ау.

Ойнап тұрған

Таққан сырғаң

Сағындырды жеңеше-ау.

Жан жеңешем

Сән жеңешем

Ән жеңешем сағындым.  

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика