№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Алатау алқасы нар,
Айдын көл Балқашы бар.
Ақын қыз Сара туған,
Жамбылдай дана туған
Бабалар асыл жері,
Әйгілі ғасыр төрі;
Алаштың ала белі,
Қазақтың Алакөлі.
Орман, таулы Жетісу,
Бақша, баулы Жетісу.
Аймақсың сыры терең,
Шырқайды гүлің өлең.
Қалқаның әніменен,
Бақтыбай жырыменен;
Құйылған түйдегімен,
Нұрғиса күйлерімен,
Ілиястың тілегімен
Мұқанның жүрегімен
Бауырласқан Жетісу,
Аңыз дастан Жетісу.
Қарасай қанат қаққан,
Қабанбай атақ тапқан
Сән берген ел шетіне,
Аты әйгі жер бетіне,
Көз тоймас еркем менің.
Көкіректі көркемдедің.
Өзгеден асып тұрған,
Жаныма ғашық туған,
Ер қанаты Жетысу,
Жер Жаннаты Жетісу.