№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Қуат Терібаев |
Көрінген Жетісуым көзге толық,
Үстіңді басып өткен талай жорық,
Өткендер қадіріңе жете алған жоқ,
Жатсаң да ренішпен жүзің солып.
Жетісу қызығыңды базарладым
Ойнайды тұнығыңда сазандарың.
Тауыңның сайларынан самал есіп,
Жамылған көк масаты жазаңдарың.
Жетісу Алатаудан шығар тарап,
Ағады төсіменен төмен қарап.
Қаратал, Көксу менен Бүйен-Ақсу,
Бұларға Балқаш жатыр мен мұндалап.
Аяғы құмға сіңіп ақпай қалды,
Басқанды шақырса да мен мұндалап
Сарқан кеп Алыбайдан қосып жатыр,
Ақсуға қайрылып кеп қайта жанап.
Балқашқа қырын ағып ол да келді,
Лепсісі бір кәдеге жатыр жарап.
Үш тентек Алакөлге бейімделді,
Бармаймын ақыңды ал деп құрттай санап.
Жымиып жылжып ағып ызғарланып
Іле де өз әлінше үлкен манап.
Алатау кең алабын жатқан алып,
Балқашқа салбыраған шетін малып
Қаратал, Іле менен Ақсу, Лепсі,
Ежелден араласқан бұлар барып. Қ
ұяды міне өзендер Балқашыма.
Сүйеу ғып Алатауды арқасына.
Баурайынан аққан су балдан тәтті
Құт шөккен, ырыс түнеп жартасына.
Үшарал Алакөлдің қолтығында,
Демеп азық бергендей жортуылға.
Ерекше өсіп-өніп, еркін жүзіп,
Балығы шоршып ойнар толқынында.
Арқа мен Жетісудың арасынан,
Арнасы Аягөздің түскен жарып.
Балқашқа Шу өзені құймаса да,
Біреуі жеті өзеннің болуы анық.
Атақты Жетісуым ежелдегі,
Өсірген қазағымның өз еңбегі
Күйіндей домбыраның сыңғырлаған.
Ағады даусы шығып өзендері.