№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Тамсантқан алтын арай таңыменен,
Сүйсінткен жан баураған сәніменен.
Көкшетау Жетісумен жалғасып тұр.
Біржан Сал, акын Сара әніменен.
Қайырмасы:
Жетісу мен Көкшедей,
Бөтен тілек көксемей.
Бабалардай бірлесіп,
Даналардай үндесіп,
Өтейікші қазағым,
Бар қызықты бір кешіп.
Балқаштың ғашық болып ақ түніне,
Іленің әуен қосып тәтті үніне.
Оралған Сексен көлден аққу қаздар,
Салады Үкілі Ыбырай Гәккуіне.
Қайырмасы
Тойлы ауыл Сырымбеттің саласында,
Көз салсаң, оза тартқан қарасынға.
Құлагер шауып жүрген секілденер,
Көкше мен Жетісудың арасында.
Қайырмасы
Жаңғырса Ақан сері арман-әні,
Есінен бар қазақтың қалмағаны.
Ақындық Құлагері Ілиястың,
Тамаша елмен елді жалғағаны.
Қайырмасы