№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Құттыбек Баяндин |
Замандас құрбылармен тең жүремін,
Қысылмай еш нәрседен кең жүремін
Мұнымды көре алмаған сұрай қалса,
Жарымның жақсылығы деп жүремін.
Қайырмасы:
Атам менен анам да,
Секен, Гауһар балам да,
Лиза саған риза.
Алмас, Асыл келін де,
Алакөлдей елім де,
Лиза саған риза.
Қосағын күтсе жары сенше күтер,
Баласын сүйсе ана сенше сүйер.
Бастағы бағым өзің сүйген жарым,
Тілеуін шаңырақтың күнде тілер.
Қайырмасы
Өскенім, қанат жайып, өр болғаным,
Елімде абыройлы ер болғаным.
Жарымның жақсылығы деп білемін,
Жерінде ата-баба төр болғаным.
Қайырмасы