№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әділғазы Қайырбек |
Тарланды таң асырып, ақтанкерді,
Қорғаған жан аямай жаттан жерді.
Жадымда жаңғыртады жорық жырын
Доспамбет, Тәттіқара, Ақтамберді.
Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны,
Қызыл тіл жол бастады, қол бастады.
Даланың өз дауысы деп түсінем
Шалкиіз, Асанқайғы, Марғасқаны.
Қайырмасы:
Ғасырлар озар, жыл аунар,
Қаңтардың қары қылаулар.
Даланың дүлей дауылы –
Жолбарыс жүрек жыраулар.
Ханға да қатал сұрау бар,
Халықтың ойын кім аулар.
Даланың дүлей дауылы –
Жолбарыс жүрек жыраулар.
Шабытын жүйрік ылди, өр таңдай ма,
Өлеңсіз өмір-өзен ортаймай ма.
Намысты қалғытпайтын сөз қалыпты
Үмбетей, Бұхар жырау, Шортанбайдан.
Қаныңда отты толқын тулататын,
Ғасырлар қатпарынан үн қататын.
Қазақтың ар-намысы, жан дауысы –
Қазтуған, Толғанбай мен Дулат ақын.
Қайырмасы