MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Қазақ елі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Шот-Аман Уәлиханов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Самғаған алысқа,

Ұқсаған барысқа,

Жерұйық Отаным – Қазақстаным.

Арайлы ақ таңым – Қазақстаным.

Жалғанның жартысындай Қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері.

Ақпейіл, дарқан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі батыр, бірі сері.

Өмірде сан миллион қазақ бармыз,

Құшақ кең досымызға, жауға тармыз.

Салсаң да қай арысқа таласатын

Ару бар, азамат бар, кімге зармыз?

 

Қайырмасы:

Қызыл гүлдей қырмызы,

Алаштың ер – ұл-қызы!

Ие бол мынау елге,

Киелі, кенді жерге!

Аттан, жас ұрпақ! Алға!

Қолда, аруақ! Қолда!

Елімнің ұл-қыздарын!

 

Әз-бабам азаттықты аңсап өткен,

Елі үшін талай саңлақ шаһид кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.

Тарихтың көшінен кеш қала алмаймыз,

Ақ жолдан ата салған бұлтармаймыз.

Достық пен мейірбандық – біздің байрақ

Өгей ұл адамзатқа бола алмаймыз.

 

Қайырмасы   

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика