MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Қазақтың Төлебаевы
Әннің атауы
Әннің атауы:
Қазақтың Төлебаевы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№2, 3 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жангелді Заманбеков
2.Мұратхан Егінбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Бөрлінің бозғылт құмында қайнап түледің,

Елім деп соқты, жерім деп соқты жүрегің.

Біржан сал менен Сараға сазды ескерткіш,

Алтыннан құйып орнатып кеттің бір өзің.

 

Қайырмасы:

Жылдардың жырын жоқтатпай,

Сырнайдың сазын тоқтатпай,

Қазақтың Төлебаевы

Бетховен менен Моцарттай.

Музыка Құлагеріндей,

Жүйрікті басқа аттатпай

Бір өзің дара келесің

Бәйгеде жалғыз қасқа аттай.

 

Балхаштың көлі өзіңе шалқар нәр берген,

Толқыны қанша жаныңды аға тербеген,

Ақмарал сұлу бара ма толқып жағада,

Аққумен бірге өзіңнен қалған әндермен.

 

Қайырмасы

 

Шолпандай жарық жұлдыздың дара бірі едің,

Талантың анық, тасқыннан қатты ірі едің.

Қазақтың бүгін даласын шарлап барады,

Күй төгіп өткен, жыр төгіп өткен жүрегің.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика