№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Сәбит, Ғабит, Ғабидендей алыптар,
Қазағымның сөз кестесін анықтар.
Жұмбақ жалау, Қарағанды, Ұлпандар
Жер-жаһанда мәңгі бақи шарықтар.
Қайырмасы:
Сәбит, Ғабит, Ғабиден,
Жанға намыс, ар үйген
Қазақтың үш асылы.
Қатарласқан қостары,
Мұхтар-аға достары
Жайлаған бір ғасыры.
Сәбит, десең Есіл, Көкше желі еспек,
Ғабит десең ғашық бейне кеңеспек.
Ғабиден мен Қарағанды егіздей,
Бәрінен де тұрар қазақ елестеп.
Қайырмасы
Үш теңізім, үш дария, үш тауым,
Басылмайтын үш бұрқасын, үш дауыл.
Ата-баба аруағы қолдаған,
Үш жайлауым, үш ардақты қыстауым.
Қайырмасы