№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Әли Ысқабай |
Даламның шынарымдай,
Көгімнің қыранындай,
Бабамның тұрағындай,
Халқымның ұранындай
Киелі құранымдай,
Иранбақ жұмағындай
Өскен елім-ай,
Қайран жерім-ай!
Байтақ жері қазақтың бетегелі,
Теңдік алса деп тілеп жеке елі,
Бостандыққа - шуақты нұрлы таңға
Хандар салған сара жол жетеледі.
Хандық дәуір кезеңнің мұрагері,
Қазақстан Тәуелсіз - Тұран елі.
Шаңырақтың түтіні түзү шыққан,
Ірге тасын құрыштай құрады Ері.
Қайырмасы:
Уа,Халқым!
Керей менен Жәнібек
Ұлтымды еге таны деп,
Елдің шешіп тағдырын,
Құрса қазақ хандығын,
Қасқа жолы Қасымның,
Ескі жолы Есімнің
Құқық беріп негізгі,
Заңға айналса ең ізгі,
Хақназар, Тәуке, Абылай
Халыққа ашып жаны ұдай,
Үш жүзге жасап қазылық,
Тарихта қалды жазылып.
Дәуірдің жасын асылы-
Қаһарлы хандар ғасыры.
Бүрленсе деп қалың ел мұраттары,
Түрленсе деп құтты жер - тұрақтары,
Тұтастығын жерінің қорғай жүріп,
Азаттықтың ақ туын құлатпады.
Қазақ деген атауды әперді олар,
Қалың жұрттың үмітін өтеді олар.
Шекараны бекемдеп, қанмен сызып,
Өз алдына шаңырақ көтерді олар.
Қайырмасы
Ынтымағы жарасқан халықтығын,
Тамсанады бар әлем танып бүгін.
Қазақ елі әлемге дәлелдеді,
Алатаудай тұлғалы алыптығын.
Қазақ елі хандығы ғасыр асқан,
Тарихи бай - шежіре, тасы- дастан.
Болашаққа Нұрлы жол бастайды елді,
Шадыманды шаттығы асып тасқан.
Бабаларым аңсаған жарқын заман
Нық орнықты, бақытты халқым аман!
Мәңгілік ел- тәуелсіз Қазақстан -
Ел атанды жұлдызы жарқыраған.