№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Ораз Жұмашев |
Қателік кетті-ау талай ғасырларда,
Ұзаққа ұмытты деп жатырқама.
Рухыңа бас иеді елің сенің,
Ассалаумағалейкум, шіркін-ай, батыр баба!
Шіркін-ай, шеру тартқан ерлер қандай,
Шертетін шежіресін елге арнай.
Қабанбай, Қанжығалы қарт Бөгенбай,
Райымбек, Тайлақ батыр, Қасабай, Шоңай-Матай.
Қайырмасы:
Айбынды асқар таулардай,
Алпамыс пен Қамбардай.
Елеңдеп өткен ел үшін,
Еске алайық ер ісін.
Шайқасқан сан Жоңғарда-ай.
Қаракерей Қабанбай.
Қақпасы берік қамалдай,
Дулыға сауыт киінген.
Қас жауына шүйілген,
Қырандай қайран бабам-ай.
Қырандар қалқып жүріп дамылдайды,
Қырағы қасиетінен жаңылмайды.
Сардарлар сабылса да жорықтарда,
Баладан хан көтерген, шіркін-ай, Абылайды.
Көтерген қара нардай халық мұңын,
Нарбала, Дарабозым жарықтығым.
Тарихтың шықшы тағы биігіне,
Жеңістің желбіретіп, шіркін-ай, даңқ туын.
Қайырмасы