№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Ғабит Тұрсынбайұлы |
Балалық шақ оралмас арман елі,
Сазды әуенге әкеміз салар еді.
Қарағым- ай, Маңмаңгер айтылғанда,
Желпініп төңірегі қалған еді, қалған еді.
Қайырмасы:
Маңайды,
Арайлы,
Жанға жай леппен,
Аялап өткен,
Тәтті әуен – сағым алыс.
Мейірімді,
Пейіліңді,
Балажан көңіліңді,
Әкежан, сағынамыз, сағынамыз.
Ілестірген тай мінген бір баланы,
Құлағыма келеді қырдағы әні.
Қара жорға барады қара жолда,
Егін толқып, айдындай ырғалады, ырғалады.
Қайырмасы
Бізге қонған, әкежан, ізгі сенім,
Бастамаса биікті білмес едім.
Желеп, жебеп, қорған боп жүргеніңді,
Сезінем де жүрекпен тілдесемін, тілдесемін.
Қайырмасы