№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Құттыбек Баяндин |
А………………………
Тілекті тәңір бере гөр!
Далада жортқан жезкиік,
Оқ тисе, бауыр жаза алмас.
Жаман да адам тәж киіп,
Жақсыдан әсте оза алмас.
Кең қолтық дүние Саржайлау!
Бұлағың сайда сылдырап,
Бұлбұлың сайрап тұрса егер.
Қысқа да ғұмыр тірлікте
Жапырақ жаяр жақсылық
Көңілдің кірі кетсе егер...
Көкбөрі тектім далада
Ұлыса, бетті жас жуар.
Жамандық қалмай жалғанда
Атырып таңды күн шығар.
Киелі жусан қара жер!
Толғауы тоқсан қыл бұрау
Анаға тартып қыз туар.
Құдіреті күшті Құдайым!
Беремін десе, несі бар
Атаға тартқан ұл туар.
А..................................
Ұл туған елге күн туар!