№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кәкімбек Салықов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Күй – Фараби жер жаһанмен жарысы,
Күй – Отырар соңғы қоңырау қағысы.
Күй – қазақтың мысы қайтпас дыбысы,
Күй – Құлагер құс қанатты шабысы.
Күй – Жез киік құба жонда ағысы.
Күй – Саржайлау Тәттімбеттің намысы,
Күй – Сарыарқа Құрманғазы Серпері.
Күй – Махамбет ұшқыр жебе, семсері.
Күй – домбыра күмбірлеген дауысы,
Күй – су жорға бипыл аяқ алысы.
Күй – анаңа сәлем айтқан сағыныш,
Күй – Құдаша алтын алқа тағысы.
Күй – Сексенкөл, аққу қонған қамысы,
Күй – Қыз Жібек жаны құштар жар ісі.
Күй – қазақтың атамекен даласы,
Күй – Арыстар жанын қиған ар ісі.
Жан ұшында жатсам ертең бір күй тарт,
Одан артық жоқ фәнидің дәрісі.
Күй – қазақтың Құдай берген дарыны,
Күй – қиялым, Қорқыт-Ата сарыны.
Күй – дабылым жеткен Сақтар, Ғұндардан,
Күй – арманым, Асан-қайғы зар үні.
Күй – қазақтың ізгі иман тілегі,
Күй – керуен, көшпенділер легі.
Күй – құбылыс, ұлттық асыл рухым,
Күй – халқымның лүпілдеген жүрегі.
Күй – Едіге қара қылды қақ жарған,
Күй – шежіре ел тарихын ақтарған.
Күй – мұнара күңгірлеген күмбезі,
Күй – дәстүрім салт, санамда сақталған.
Күй – Абылай басын қосқан қазақтың,
Күй – Ағыбай аңсап өткен азат күн.
Күй – бұлқынған Бұхар жырау бабамыз,
Күй – азасы қазақ шеккен азаптың.
Жан ұшында жатсам ертең бір күй тарт,
Бар күнәдан келсе мені тазартқың.