| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Кеңесжан Шалқар | |||
| 2. | Мұратхан Егінбаев | |||
Арманның бақтарындай,
Ақша гүл ашқаның-ай.
Сеземін күлімдесең,
Арайлы жаз таңын-ай.
Әппағым-ай,
Ақ тарыдай,
Наурыздың жаңа жауған ақ қарындай.
Ерке наз шақтарың-ай,
Балқыдым баққа мұндай.
Көркіңе сұқтанатын,
Жандардан сақта Құдай.
Сабырлым-ай,
Сағындым-ай,
Кім көрген махаббаттың шағын мұндай.
Қалмады жүрек шыдай,
Соққанда сен деп ұдай.
Тілеймін Тәңірімнен
Болсақ деп қос аққудай.
Әппағым-ай,
Ақ тарыдай,
Наурыздың жаңа жауған ақ қарындай.