№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Шөмішбай Сариев |
Ұясында гүл бақтың,
Бала болып тіл қаттың.
Ұлы той ғой тойлайтын,
Мерекесі ұрпақтың.
Қайырмасы:
Әкең сенің ардағың,
Ұл-қыздарым жалғадың.
Тойдың басы – немере,
Той жалғасы шөбере.
Шөпшегіңнен тарайтын,
Туажат та бір кемең.
Жетінші ұрпақ – немене,
Армандайсың көргенге.
Бір-бір әулет ел екен,
Балаларым берекем.
Тойлар тойға ұлассын,
Ұрпақ – Ұлы мерекем!!!
Жаның болған ойдағы,
Қаның болған бойдағы.
Өмірдегі Ұлы той,
Ұрпағыңның тойлары!
Қайырмасы
Қанат бітіп бойыңа,
Өткен түсер ойыңа.
Жеткіз Аллам, лайым,
Ұрпақтардың тойына!
Қайырмасы