№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Сәкен Иманасов |
Күндіз-түні көрік басу көргені,
Тері илеу мен темір жону ермегі.
Қайран атам хас шебердің өзі еді,
Бір ауылдың ұстасы да зергері.
Жасап беріп арбасын да шанасын,
Мәз қылатын ауыл үйдің баласын.
Менің атам аспан мен жер арасын,
Жалғап беріп отыр десе нанасың.
Қайырмасы:
Құдық қазып инемен,
Түйін жасап түймеден.
Теміріңді саусақпен,
Саз балшықтай илеген.
Ақыл кеңес берері,
Елден асқан өнері.
Менің атам еді ғой,
Шебердің де шебері.
Таңнан тұрып, тыным алмай бұл кісің,
Көрсететін ұлылықтың үлгісін,
Қылқұйрығын күзеп беріп осы елдің,
Түзеп беріп мылтығының ұңғысын.
Жөндеуші еді әйнегін де, шәйнегін,
Оған сәлем етпеуші еді қай келін,
Қамқор болып үлкенге де кішіге,
Қадірі асқан қайран атам-ай менің!
Қайырмасы
Ұзамай-ақ ұстахана маңынан,
Айнала жұрт абызындай таныған,
Ол жасаған орындықтың өзін де.
Кем көрмейтін патшалардың тағынан.
Жеңгейлерге жүзік жасап ол деген,
Есігін де, бесігін де жөндеген,
Ол жасаған – ата мұра – домабыра,
Әлі күнге қолдан түсіп көрмеген.
Қайырмасы