№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Шот-Аман Уәлиханов |
Ақыл-ойы, ерлігі елге қорған,
Елім десе жүрегі шерге толған!
Арман, мұңын арқалап Отанының
Кемеңгер көсемінің бірі болған
Шоқан! Шоқан! Шоқан!
А-а, а! А-а, а!
Кемеңгер көсемінің бірі болған
Шоқан! Шоқан! Шоқан!
Жұлдыздар мен ай, күннің тілін білген,
Қараңғыда шырақ боп түнді түрген.
Даналықтың сусындап дариясынан,
Қас қағым сәт, от-жалын өмір сүрген
Шоқан! Шоқан! Шоқан!
А-а, а! А-а, а!
Қас қағым сәт, от-жалын өмір сүрген
Шоқан! Шоқан! Шоқан!
Жан-дүниесін халқының терең ұққан,
Жұмыр жермен жүрегі бірге соққан,
Қазағына деген зор махаббатты
Шың басына, ту қылып алып шыққан
Шоқан! Шоқан! Шоқан!
А-а, а! А-а, а!
Шың басына, ту қылып алып шыққан
Шоқан! Шоқан! Шоқан!