| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Мұратхан Егінбаев | |||
| 2. | Нұрсұлтан Назарбаев | |||
Алатау – туған жерім, елім менің,
Сағындым арасынан ескен желін.
Арқада ардақталып жүрсем-дағы,
Ер жігіт ұмытар ма өскен жерін.
Шұбарат Алатаудың етегінде,
Шамалған тұрады екен жетегінде.
Арқадан асыл жарды тапсам-дағы,
Туған жер, сенен алыс кетермін бе!
Бай да өтер, би де өтер, батыр да өтер,
Басында панасы жоқ пақыр да өтер.
Бұл өмір қарап тұрсаң тұрағы жоқ,
Жел соқса бір-ақ күнде ұшып кетер.