MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Қазақтың батырлары
Әннің атауы
Әннің атауы:
Қазақтың батырлары
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№3, 13 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Еркін Нұрымбетов
2.Фариза Оңғарсынова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Шетінен қайсар қылық, батыр қаған,

Елі үшін отқа күйіп лапылдаған,

Жат біреу жау ниетпен жерін басса,

Тымағын баса киіп, тақымдаған,

О, менің батыр бабам!

 

Қайырмасы:

Көшсе де жерден жасыл шатырлары,

Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі,

Уақыттың дауылында ұрпағына

Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі –

Қазақтың батырлары!

 

Дауылды дариядай жатыр ғалам,

Ғаламның сырын байқап ақын да алаң.

Тылсымда талмаусырап бара жатсам,

Намыстың отын жағар атың маған,

О, менің батыр бабам!

 

Қайырмасы

 

Ірітсе іркітімді ірі заман,

Кеш мені – үні майда, жыры жалаң!

Күмбірлеп аруағыңа сиынам да,

Қаныма атой салар жылу алам,

О, менің ұлы бабам!

 

Қайырмасы

 

Жанына қуат құйып жайсаң далам,

Ханның да қаһарынан тайсалмаған,

Көз ілмей жерін қорғап, елін қорғап,

Тау асып, сай шарлаған,

О, менің қайсар бабам!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика