№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жекен Қалиев | |||
2. | Әли Алпысбаев |
Кездестің қайдан, кезіктің қайдан, сымбаттым?
Көзіңмен үнсіз жаудырап қана үң қаттың.
Аққуым болып оралдың білем көгіме,
Махаббат үнін, махаббат жырын таңдаттың.
Жайдарлым менің, жаудырым менің, жаутаңым!
Гүл болып көркін қуанта келдің май таңын.
Қалқам-ау, саған жанымның сырын айтамын,
Бейненді сенің жадымда жазып қайтамын.
Жанарын сенің түндерден жазғы жаралған,
Өзіңсің, білем, жайлаған мені бар арман.
Өзіңсің,білем, маужырап жатқан жүректі,
Оята жетіп, толқын боп ыстық таралған.
Қар көз сәулем, жанарда жарқын нұр тұнған!
Тұрмын гой, тұрмын телміре қарап сыртыңан.
Тұрмын гой, тұрмын... Көкректе, тегі, жоқ маза,
Тордағы құстай гүл, бақты аңсап жұлқынған.
Қалқам-ау, көзің әсерлі, неткен әсем-ді!
Өртенді жаным, махаббат шоғын төсенді.
Сусады көңлім. Құрыды дәтім. Қайтермін?
Ерніңді, қане, ерніме тақа, тос енді!