| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтын Маханбетова | |||
| 2. | Әкім Ысқақ | |||
Мейірім толы жанары,
Атқан таңдай ажары.
Ертелі-кеш үнемі,
Бір өзіңде назары.
Жанашыр жан бары анық,
Әрбір сөзі жаңалық.
Сымбатты әрі салмақты,
Әжем менің даналық.
Қайырмасы:
Жайсаң көңіл, жаны жай,
Адамдыққа жаны бай.
Асыл адам, ақ әжем,
Айналайын, жаным-ай!
Әрбір таңға ән бөлеп,
Қуантатын жанды ерек.
Мақтанамын осындай
Әжелерің бар ма деп.
Әже саған асығам,
Көңіл сен деп тасыған.
Арналады өзіңе,
Өлеңім мен асыл ән.
Қайырмасы