№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Шөмішбай Сариев |
Дәстүр салтты толғаммен,
Ордалы өмір орманмен,
Нағашының жолы үлкен,
Жиен-жиен болғанмен.
Ардақтайтын ауылым,
Қазақ жұртым қауымы,
Нағашымды пір тұтам,
Жан анамның бауырын!
Қайырмасы:
Ауыр тірлік жеңіл ме,
Саған ұқсап өмірде,
Бал қаймағын жегізген,
Тұрады әсте көңілде.
Жан анамның әкесі,
Естен кетпес тегінде!
Шексіз аспан көңіл кең,
Сыйласумен өмір кең,
Туған Анам бауыры,
Нағашымның жолы үлкен.
Нағашысы алдында,
Туған жиен бағы бар,
Жылу оты-жанның да,
Түл нағашым тағы бар.
Қайырмасы
Таулары бар, шыңы бар,
Панасы бар, ығы бар,
Нағашымен күрескен,
Жиен оңбай жығылар.
Жиен шырқап өседі,
Ақыл-оймен мұны ұғар.
Дүниеде ең жақын,
Нағашыдай кімі бар?
Қайырмасы