№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Серікжамал Әжібекова | |||
2. | Қуат Қайранбаев |
Өзің болып жаншы бағым,
Көктен нұрдай тамшыладың.
Сәбиіңе арнап едің,
Жүрегіңнің бар шуағын.
Қайырмасы:
Асыл анам, асыл анам,
Пейіліңнен тасып ағам.
Сен бар жерде жасымағам,
Тең келмейді қасыңа адам.
Сенсің маған арман мүсін,
Өзің еттің жалғанды шын.
Жер ананың махаббатын,
Бойға жиып алғанбысың?
Қайырмасы
Жаның маған нұр еліндей,
Жүрші әрқашан күле күндей.
Өмір заңы болса-ау шіркін,
Аналардың тілегіндей.
Қайырмасы