№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Жолымыз құрбым бір болса,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрынырақта қосылмай.
Көрдімде сені өзгердім,
Басқа адам болып бірдемде.
Періштелерім өзгерді,
Көзге ілмей жүргенде.
Желпілдеп сезім балаурап,
Шаттықтан шаршап қуанып.
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.
Көргем жоқ жерден мұндай жан,
Көрінбей қалса көп аңсап.
Құтқарып алған бұл ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.
Өнемді менің күй тербеп,
Денеме қанат біткендей.
Қарайлай бердім көрсем деп,
Өзіңнен басқа түк көрмей.
Дертімді қалай емдермін,
Не амал оған не дермін.
Арманым болдың сен менің,
Аузынан айдың түскен қыз.