№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Темірхан Медетбек |
Бұған келсең шын бақытты сезер ең,
Сезер ең де жаман ойдан безер ең.
Шулап жатқан балалардың бақшасы,
Ғажап әлем, базар әлем, мәз әлем.
Қайырмасы:
Осында ғой дүниенің ұраны,
Осында ғой дүниенің жыр-әні.
Осында ғой дүниенің тәттісі,
Осында ғой дүниенің жұмағы.
Солар менің – жапырағым, өркенім,
Оларсыз мен өрт шалған бір өлкемін.
Аман болсын думан етіп аула ішін,
Асыр салып ойнап жүрген ертеңім.
Қайырмасы
Кейбір кезде, таусылғанда шыдамы,
Елең етер әр дыбысқа құлағы.
Жалт-жұлт етіп құлдырыңдап жүр әне,
Ертеңімнің жарығы мен шуағы.
Қайырмасы