№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Матқұлбек Маясаров | |||
2. | Оңайгүл Тұржанова |
Құла дала,
Шексіз байтақ туған жер,
Бір өзіңсің шабытыма дем берер,
Жер жаннаты емессің сен білемін,
Бірақ саған жер көрмедім тең келер.
Қайырмасы:
Сенің даусың
Маған ғажап бұл-бұл үн,
Бұл өмірде мен сенімен нұрлымын.
Арайланған мынау сырлы әлемде,
Біз сәбиміз жетелеген бір-бірін.
Биік таулы, ойлы, жазық, төбелі,
Жусан иісі көкрегімді кереді.
Балаң болып өсіп едім өзіңде,
Панаң болып өмір сүргім келеді.
Қайырмасы
Сенсіз менің арманым да арман бар,
Сол арманды жетеле сен таңдарға.
Сен – мұхитсың,
Ал мен сенің – шағалаң,
Шағаласыз мұхиттарда сән бар ма?
Қайырмасы