№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Болар Көбегенова |
Батырлар өткен ту ұстап бұзып қамалды,
Көтерген көкке туменен қосып ақ арды.
Ерлігін жайлы сыр айтсам, баба, айбатың,
Досыңа өмір, дұшпанға таққан ажалды.
Қайырмасы:
Баһадүр бабам ерліктің сенсің қазығы,
Бөрісің арлан жолында жатқан азығы.
Соғысқан жерді дос түгіл, дұшпан мойындап,
Атапты дейді Айтумыс баба жазығы.
Тарихты ашсам нендей бір күндер өтпеген,
Сұм қалмақ талай айбатын шегіп, кектеген.
Баһадүр бабам – Айтумыс данам, шіркін-ай,
Жетем деп келіп, арманға көксеп жетпеген.
Қайырмасы
Арайлы таң ба, батты ма күнің, кеш, мейлі,
Қара бұлт төніп, тозаңытар ма төскейді.
Қандай да заман туса да, бабам, Айтумыс,
Ұрпағың барда атағың мәңгі өшпейді!
Қайырмасы