MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Адай қыз
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№10, 1 мамыр 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Белгісіз автор
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Естен кетпей елес боп тұр әрдайым,
Ай нұрынан жаралған құралайым.
Оймақ ауыз, күлім көз қаймақ ерін,
Аққу мойын тал мүсін жырға дайын.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы адай қыз,
Ай мен күнге балаймыз.
Өзіңді ойлап өтті ғой,
Талай көктем талай күз.

Кең даланың еркесі елігі едің,
Айтшы қалқам сен кімнің серігі едің?
Тәтті ұйқымнан түсімнен оятасың,
Қор қызындай сен қайдан келіп едің?

Қайырмасы

Жалғыз қалған жүректі ән қыстауда,
Сәлем айттым сені іздеп Маңғыстауға.
Табысар шақ өзіңдей ару қызбен,
Жақындамай әлі де алыстауда.

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика