№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Әппағым, тәттi әнiмсiң шырқар биiктен,
Жырлайын жүрегiмнiң жырын жиып мен.
Өтейiн сенi ғана мәңгi сүйiп мен,
Мәңгiлiк, тек мәңгiлiк.
Қайырмасы:
Ақ армандай жаралғандай менiң бағыма,
Нұрландырып әлемiмдi жүршi жанымда.
Шаттығым боп, бақ құсым боп қоншы қолыма,
Өзiң ғана бар сенiмiм, атар таңым да.
Жаныма серiк болдың жабыққанымда,
Құс болып ән көңiлден қалықтадың ба?
Өзiң бол жақыт гүлiм, бақыт таңым да
Мәңгiлiк, тек мәңгiлiк.
Қайырмасы
Аяулы ардағым, арайлы таңдарым,
Сен деп қана бiлемiн жанымды тербеген,
Ән бағын.
Ақ маңдай аруымсың, жаным ай мүсiн,
Бiр сәтте ұмыттырар жүрек қайғысын.
Ән болып жүрегiмде қалықтаймысың,
Мәңгiлiк, тек мәңгiлiк.
Қайырмасы