№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Мен де сені елестеп толған айдай,
Айың тусын оңыңнан жолың болғай.
Бір өзіңсің арманым сәулетайым,
Адастырма аяулым баста солай.
Қайырмасы:
Айға қарап түсірем сені есіме,
Жыр жазамын бір сен деп түн ішінде.
Кездеспеген күндерім бір өзіңмен,
Уақыт өтпей қояды-ау тізбектелген.
Ұшқындаған көздерің жұлдыздардай,
Қара шашың толқыған түнгі аспандай.
Сыңғырлаған күлкіңді естімесем,
Толған айды болады бұлт басқандай.
Қайырмасы