№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Кентау Назарбек |
Мен – қазақпын!
Байрағын тіккен бөрілі елмін,
Қарсы келген дұшпанды жеңдім.
Даламның дархан күйіне ендім,
Желмая мініп жаһанды кездім.
Абылай хан деп таққа көтердім,
Ер Қабанбайды мақтан етемін.
Ұлы Абаймен, əлем нəр алған,
Мұқағалимын ақиық жаралған.
Бөгенбаймын айбармын,
Наурызбаймын найзамын.
Райымбек боп он төртте
Намысты отқа қайрадым.
Мен – қазақпын!
Əйтеке, Төле, Қазыбек бидің,
Шешімдеріндей əділет сүйдім.
Əл-Фарабидің мұратындамын,
Қажымұқанның қуатындамын.
Əлихан боп шындықты таптым,
Шоқан болып жұлдыздай ақтым.
Махамбетпiн өрмін, қайсармын,
Кенесарының кегiн қайтардым.
Сəкеннің сұлу сəнімін,
Естайдың есті əнімін.
Домбырамның үнiнен
Нар қазақты танығын.
Мен – қазақпын!
Тарихым менің тоналғанда,
Сарқылдым кеуіп Аралдай.
Еркіндік таңы атқанда,
Қасқайып тұрдым қамалдай.
Ақан серінің Құлагерімін,
Бiржан салдың мұрагерімін.
Елім-ай деп еңіреп өткен,
Зар-заманның куəгерімін.
Қобыландымын, Оспанмын,
Ертұғырылмын – дастанмын.
Аңыз көшкен соңынан
Ұрпағымын Сақтардың.
Мен – қазақпын!
Желтоқсанда шашырап қаным,
Жайрады жасыл жапырақтарым.
Ес жиып қайта елім деп өткен
Арыстарымның атын ақтадым.
Қозы мен Баян махаббатымын,
Тəңірдің берген шапағатымын.
Әз Жамбылдай жыр алыппын,
Ата салтымен текті халықпын.
Қасқа жолда Қасыммын!
Ескі жолда Есіммін!
Ақ жолында Алаштың!
Аты өшпейді Қазақтың!