№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Керегеміз татулықпен керілген,
Жан жылуы отбасымда берілген.
Ұрпақ сүйіп, баба салтын сақтаймыз,
Жұбайлармыз басты қосқан теңімен!
Қайырмасы:
Жанұя! Жанұя! Жанұя!
Ұрпағыма төгіп шуақ күн нұры,
Арта берсін отбасының бірлігі!
Ынтымақтың туын биік көтерген,
Қазағымның жанұясы-үлгілі!
Сыйлай білсек, әке менен ананы,
Тәрбие де нығаяды саналы.
Білім беріп, ғылым жолын үйрету,
Биік шыңға шығарады баланы!
Қайырмасы
Жанұяның татулығы – дәулетім,
Шаңырақтың нығайтады сәулетін!
Сыйластықпен өмір жолын өткізсек,
Абыройға кенеледі, әулетім!
Қайырмасы
Тату болсаң, киесі де тасатын,
Жанұяның беріктігі жасасын!