| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлжан Құсайынова | |||
| 2. | Марита Қабижанқызы | |||
Әкешім, асқарымсың,
Жазылар дастанымсың.
Өзіңе махаббатым,
Өлеңмен ақтарылсын.
Арысы анашымның,
Өзіңсің дара шыңым!
Берер ем екеуіңе,
Жалғанның бар асылын!
Қайырмасы:
Әкені аялайық,
Саясын саялайық.
Ардақтап әрқашан да,
Алғысты аямайық.
Әкешім,алыбымсың,
Нұр шашқан жарығымсың,
Жаныма жылу берер,
Сөнбейтін жалынымсың.
Ұрпақтың қамы үшін,
Салатын қара күшін!
Сұраймын Жаратқаннан,
Әкелер аман жүрсін!
Қайырмасы