| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
| 2. | Марияш Қапизқызы | |||
Көргенде сізді қымбаттым,
Болғансыз маған жұмбақ тым.
Ұқтырар ма екен, уақыт,
Сіздегі сырды сымбаттым!
Қайырмасы:
Білмегем, бұрын сезбегем,
Сезімдер келді не деген?!
Ардақтап өтерсіз мені,
Жанбысыз артық өзгеден?
Жанғандай менде бір шырақ,
Ұнап та маған жүрсіз ақ.
Ұғынтар көзбен жан сырын,
Ғашықтың тілі – тілсіз-ақ.
Қайырмасы
Болмаған соң да біз таныс,
Сыр ашпайды ғой қыз-намыс,
Құрбымнан сәлем жолдаған,
Қандай бір жансыз, бейтаныс!
Қайырмасы