MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Несие шырмауы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бұл күнде көпшіліктің көргендері,

Болмай бір арқа сүйер, сенгендері.

Банктен қарыз алып, ақыр соңы,

Екі есе артық төлеп жүргендері…

 

Бұрын біз банктерді білмейтінбіз,

Жоқ демей, бізде ақша бар дейтінбіз.

Көршілер бір-бірінен қарыз алсақ,

Үстіне пайыз төлеп жүрмейтінбіз.

 

Депутат халықты ойлап жүруші еді,

Молдалар пайыздардан тыюушы еді.

Патшамыз қарапайым киініп ап, 

Аралап, елдің жайын білуші еді.

 

Бір ғана госбанктұрды жұмыс істеп,

Халықта несиесіз, тұрмыс ізгі еді.

Ал, қазір жапса қазақ, несиені,

Қуанар бітірдік біз, құнды іс, деп.

 

Бәрі де сол бір иттің қармағында.

Заманның ауырлады салмағы да.

Пайдасын керек кезде, көргенімен,

Артында тұр ғой оның зардабы да.

 

Әрдайым өзгелерге құшақ ашқан,

Ел едік, мерейіміз тасып-асқан.

Жүректен мейір кетіп, бұл күндері,

Күн келді туыс-бауыр ажырасқан.

 

Жағдайы қазағымның дәл осылай,

Айлыққа айлықтары бір қосылмай.

Өсімі банктердің еселеніп,

Өмірді сүріп жүрміз біз осындай.

 

Халқымыз жарқын күнді аңсап еді,

Не деген арманымыз жаңсақ еді?!

Сағындық жүрген шақты несиесіз,

Банктың аз болғаны жақсы-ақ еді!

 

Көріп тұр төбемізде жалғыз Құдай,

Қиналып ойлауда ел, қарызды ұдай.

Көп қазақ қыйындықта күн кешуде,

Өзгерді хал, күйіміз неге бұлай?

 

Осындай бүгін жайы адамдардың,

Халқының зар, мұңына алаңдар кім?

Жаптырып шағын несие нүктелерін,

Жасасақ, пайдалы іс амалдарын.

 

Сабылып, ел-халқым жүр, мұңды реңі,

Қапастан шыға алмай түңіледі.

Қашан біз несиеден құтыламыз,

Қазағым, айтыңдаршы, кім біледі?

 

Шешуін осы жайттың кім біледі?

Кім біледі? Кім біледі? Кім біледі?

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика