№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Құралай Төлебекова |
Есімде, бәрі есімде
Қоштасқан күн...
Қалдырдың жанарымда бір тамшы мұң.
Көңілім тоңды күздің суығына,
Жаңбырлы күндер еді-ау күйзелдім шын.
Қайырмасы:
Өзіңсіз өтті әрбір жүдеп күнім,
Сезбедің сырға толы жүрек үнін.
Қалайша басқа жанға қидың мені,
Сезімнің бірге жинап жүр ек гүлін.
Басқаны жар еттің де кете бардың,
Жұбы боп, мен де жүрмін өзге жанның,
Ұмыттың сүйем деген сөздеріңді,
Айтылған саясында жиде талдың.
Қайырмасы
Ойларым отты алау жақты ішімнен,
Тұмарын қимастықтың тақтың шын сен.
Өткеннің қайта келмес естелігі,
Басыма қонбай кеткен бақ құсым ең...
Қайырмасы
Әріптер жазылды да,шын досыма,
Айналды қойын дәптер сырласыма.
Елесің түн қойнына кетті сіңіп,
Із тастап өлең атты мұңдасыма.
Қайырмасы