№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Омархан Алтынбек | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Он екінші ғасырда болған дара,
Дұшпандары көз тіккен арман қала.
Түркістанның солтүстік батысында,
Мың жылдық тарихы бар Сауран ғана.
Қайырмасы:
Өркен ниет шыққандай бір белеске,
Обаларға көз салсам түседі еске.
Сауран аты берілді ауданыма,
Рухани жаңғыру сол емес пе!?
Мұсылмандық міндеттің бастамасы,
Кең жазира даламның бас қаласы.
Он үшінші ғасырда Ақ Орданың,
Болған екен Саураным астанасы.
Қайырмасы
Тарихқа көз жүгіртсек өткен не бір,
Сауданың орталығы болған өңір.
Он төртінші ғасырдың аяғында,
Өзіне қамал еткен Әмір Темір.
Қайырмасы