№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жолдыбай Мұзаппаров | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Қарашығы…, жанарымның қалқатай…
Жас боп тұндың…,
Кірпігімде ақ шықтай!
Қара көзің қиылады қымсынған,
Түпкі ойыңды дал боламын шын ұқпай.
Мендегі ойды бәлкім біліп назырқай,
Іздедің бе жан жылуын жалықпай.
Әсем сезім әсерінен нәр алып,
Әнім болшы…,
Әнің болсам қалқатай!
Қона алмастай маңдайыма бақ құстай,
Дөнен көңілің…
Қармана ма қолды ұстай…?
Кермек жасың төгілмесін ашынған,
Тұғыр болам тұрған күтіп армандай.
Таң күлкісі қабағымның – ақ арай,
Арайландың…,
Құшақ жайдың аймалай.
Ақ жүрегің дүрсіл қаққан ару жан,
Саф сезіммен сүйіп қалдым шын құлай.