№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жарқынбек Қарақұлов | |||
2. | Жұлдыз Тойбекова |
Сыңғырлаған бұлақтың үніндей,
Тәтті әуен толқытты білінбей.
Көңіл толқып жадырап шаттанып,
Бүршік жарды сезімнің гүліндей.
Қайырмасы:
Биле, биле, билеші тағы да,
Оттай ыстық жағып тұр жаныма.
Жүрегімді қылықпен баураған,
Сүйкімді қыз билеші тағы да.
Биші қызды ұнатып қалғандай,
Қос жүректің суретін салғандай.
Арманым тұр аспанда қалықтап,
Аруымсың аңсаған ақмаңдай.
Қайырмасы
Жанарыңнан айналдым нұр төккен,
Сенің күлкің жайқалған гүл көктем.
Билегенде айналаң құлпырып
Жайқалады бұл ғажап-ау, неткен.
Қайырмасы