MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Ғибрат толғауы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№18, 13 қараша 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Жарқынбек Қарақұлов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жалғанда сараң мықтымен,

Жүрсеңде иық тіресіп.

Иманыңменен серік боп

Нәпсіңмен жүрші күресіп.

Бейкүнә пенде едің ғой,

Туылғаныңда шыр етіп.

Өмірдің өзі уақытша

Жаратқан құдай сын етіп.

Кемеге келмес мінерсің,

Ажалға келген ілесіп.

Бай болсаңдағы кедеймен,

Баратын жерің бір есік.

 

Ғибратың тозбас болсайшы,

Бес күндік мына ғұмырда.

Ертеңім елге аманат,

Кезікпе халқым зұлымға.

Болса екен пәни қадірі

Шектеусіз терең ұғымда.

Адам атамен хауана

Ғибратын болған бұрында.

Тағлымды сыңар санашы,

Жақсылық деген ырымда,

Адамның сөнбес жарығы,

Жүректің әппақ сырында.

 

Байлықтың тиіп кесірі,

Кешпеймін десең тауқымет.

Мәңгілік атты өмірден,

Деп жүрші орын нәсіп ет.

Кеудеңе Алла сыйлаған

Иманның нұрын басым ет.

Шүкір ет сонда адамзат,

Басыңа келмес қасірет.

Өмірде көпті көрсеңде,

Күтіп тұр сені ақырет.

Ешкімге опа бермеген,

Дүние қоңыз қасиет.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика