№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Жақсыбек Қалелбек |
Алатау аясында,
Бақша-бау саясында.
Түрленген бір қала бар,
Қанатын жая шыңға.
Қайырмасы:
Алматым, Алматым,
Айналған әнге атың.
Сүйікті, көрікті,
Қаласың маған.
Сәт санап түрленген бұл,
Ғажайып гүлден де өңір.
Жайнаған бұл шаһарда,
Ән туып, бүрленген жыр.
Қайырмасы
Өзінің есіміндей,
Ән-жырдың бесігіндей.
Қазаққа алма қала,
Болашақ есігіндей.
Қайырмасы