№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айбек Сайдахмет | |||
2. | Біржан Алкеев |
Аяулы анам күлімдейсің көгімнен,
Жан шуағы төгілген,
Өнегем көп өзіңнен алар.
Байлығым да барым өзің анам,
Мәуелі сен бағым сөзің дана,
Жаймашуақ жаным көзіңнен табар.
Қайырмасы:
Алақаның аялы,
Аялы да саялы,
Жақындарым жүрегімдегім.
Айналайын күнім дер,
Сендер аман жүріңдер,
Әкетайым, анашым менің!
Асыл әке!
Өмірдегі тірегім,
Бір өзің деп білемін,
Ақылыңды жүремін тыңдап.
Дара шыңым, ардақты бәйтерегім,
Ержүрегің айбатты әке сенің,
Алтыннан да салмақты тілегің қымбат!
Қайырмасы
Ана-әке өздеріңсің сыйлы адам,
Маған өмір сыйлаған,
Сендер барда қиналам неден?
Әкенің ақылы – алтын қазық,
Ананың ақылы – жанға азық,
Тәңір берген құрап сый маған деген
Қайырмасы