| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Медет Салықов | |||
| 2. | Қалқаман Сарин | |||
Қол жетпес көрікті арман,
Сезімге серік болған.
Сенбісің аққу құсым,
Айдынға келіп қонған.
Айтайын жүрек сөзін,
Бағыма тілекші өзің.
Бұл жүрек сені іздейді,
Үлбіреп жібек сезім.
Қайырмасы:
Айым да сен,
Күнім де сен,
Жанымды тербейсің күлімдесең.
Жанымда сен,
Бағымда сен,
Сүймесем сені сәулем,
Дәл бұлай сағынбас ем.
Арманым аңсатсаңшы,
Сырымды сен сақташы.
Жылайды жанарымда,
Мөп-мөлдір моншақ тамшы.
Балдәурен тәтті шағым,
Сені іздеп көкке ұшамын.
Жанымнан жырақ кеттің,
Жылытып жат құшағын.
Қайырмасы