№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Арайлым Саттарова | |||
2. | Эльмира Сәрсенбайқызы |
Бал шырынын сыйлап тәтті сезімнің,
Мұңын сарқып ішіп алып көзімнің.
Жанды баурап, тілді байлап қоярдай,
Періште ме ең, періште ме ең,
Құдайым-ау, өзің кім?
Сен бе, әлде, жүрегіме гүл еккен?
Гүлді құшып тұрып, жүрек дір еткен.
Ай арудың жанындағы жұлдыз бе ең,
Жарып шығар мөлдір аспан түнектен?
Қайырмасы:
Дидарыңнан арай-нұрың тайғаны-ай,
Қоя тұршы, жанарымды байламай!
Ешбір жанға селт етпеген көңілді,
Мына саған іңкәр етіп, іңкәр етіп қойғаны-ай...
Ғажайыптан ғашық еткен Ғазалым,
Көзімде нұр, жүрегімде таза мұң.
Әр сәт сайын, әрбір демалғанымда,
Өзіңе арнап, өзіңе арнап,
Ғажайып жыр жазамын.
Теңеу таппай бір өзіңе сабылдым,
Сен екен деп желге еріп, жаңылдым.
Құдіреті күшті Аллам бір саған,
Асық етіп қойса, енді неғылдым?
Қайырмасы