№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Белгісіз автор |
Тербеп нәзік сезімімді,
Сынап менің төзімді.
Қайда жүрсің асылым менің?
Сені ойлаған кезім мұңды
Сағынышпен көз ілінді
Алыстама ғашығым менің.
Қайырмасы:
Аялатар аққу сезім,
Естен кетпей нұрлы көзің,
Өзіңе арнап жаздым жырымды.
Нұр сыйлаған сағынышым,
Көз жетпейтін сағымбысың?
Айтармысың маған сырыңды?
Сен деп атты әппақ таңым,
Бойды билеп жастық жалын,
Үлбіретіп жүректің гүлін.
Жаулап алған жанарымды,
Тамсандырып далаларымды,
Шуақ шашар мәңгілік нұрын.
Қайырмасы