№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Дәмеш Омарбаева | |||
2. | Марат Оразаев |
Сіңілім ең еркелеген сырласым, сырласым,
Жанымды ұғар жан жүрегім мұңдасым, мұңдасым.
Сыңғырлаған әннің тақтым сырғасын, сырғасын,
Үнімізді кең дүние біздің тыңдасын.
Сіңілім-ай еркетайым,
Аялаған әппақ айым.
Елжіреген жүрегіңнен айналайын,
Елжіреген жүрегіңнен айналайын.
Әпкетайым еркелеткен тірегім, тірегім,
Алдымда мен өзің бар деп жүремін, жүремін.
Күлімдесең күндей күліп көңілім, көңілім,
Өзің десе елжірейді менің жүрегім.
Әпкетайым, әпкетайым,
Асыл айым, асыл айым.
Сенен қалай сырымды жасырайын,
Сенен қалай сырымды жасырайын.
Кеше ғана қауыз жарған гүл едік, гүл едік,
Шаңырақтың сәні болып тұр едік, тұр едік.
Қарлығаштай қанат қақтық әр жаққа екеуміз,
Бірімізге біріміз бақыт тіледік.
Сіңілім-ай еркетайым,
Аялаған әппақ айым,
Елжіреген жүрегіңнен айналайын.
Әпкетайым, әпкетайым,
Асыл айым, асыл айым,
Сенен қалай сырымды жасырайын.
Тірегің – мен, еркетайым,
Жүрегіңнен әпкетайым, айналайын.