| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Сәуле Карабалина | |||
| 2. | Қуаныш Кисметов | |||
Отбасымның тірегі өнегелі ісіңмен,
Қуанышым! Қасымдасың сен!
Тағдырыма ризамын кездестірген өзіңмен,
Асыл жарым! Қамқоршымсың – сен!
Қайырмасы:
Әппақ таңымсың жарық сыйлаған,
Асыл арман аңсағанымсың.
Өмір шуағын бойға жинаған,
Бақыт, бағым таңдағанымсың.
Мейірімді жүзіңнен ілтипатың сезілген,
Басымдағы алтын тәжім – сен!
Махаббатын жанының ұғындырған көзінен,
Қорғанысың, әулет сәні – сен!
Қайырмасы
Ізгіліктен тұратын жолдарымыз үндескен,
Салтын сақтап бабаларымның.
Саған сенім артамын, адал сүйген жүректен,
Асқар тауы балаларымның.
Қайырмасы